Адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерiнiң
тағылымдамадан өту тәртiбi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерiнiң тағылымдамадан өту тәртiбi туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) адвокаттың тағылымдамадан өтушілеріне (бұдан әрі – тағылымдамадан өтушілер) қабылдау шарттарын, тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өту тәртібін белгілейді.
2. Қазақстан Республикасының жоғары заң білімі бар азаматы тағылымдамадан өтуші болып табылады.
Адвокаттық қызметтiң кәсiби бiлiмдерi мен практикалық дағдыларын игеру тағылымдамадан өтудiң мақсаты болып табылады.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судьяның өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар тағылымдамадан өтпейді.